Түрік әліппесі — 29 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе.

Бас және кіші әріптері: A B C Ç D E F G Ğ H I İ J K L M N O Ö P R S Ş T U Ü V Y Z (Â Î Û) a b c ç d e f g ğ h ı i j k l m n o ö p r s ş t u ü v y z (â î û)

Тарихы Кеңес Одағындағы латындандыру науқаны өткізілген кезіне тән бұрын болған османлы түріктерінің араб жазуына негізделінген әліппе орнына 1928 ж. қарашаның 1 № 1353 Түрік әліппесін қабылдау және жүзеге асыру Заңы бойынша енгізілген.

Әріп кестесі

Әріп IPA қазақша кирилтранскрипциясыA a[] аB b[] бC c[] джÇ ç[] чD d[] дE e[] е F f[] фG g[] гĞ ğ[] ғ; Дыбыстар деген бөлімді қараңызH h[] һI ı[] ыİ i[] іJ j[] жK k[], [] кL l[], [] лM m[] мN n[] нO o[] оÖ ö[] өP p[] пR r[] рS s[] сŞ ş[] шT t[] тU u[] ұÜ ü[] үV v[] в, у (сөз соңында)Y y[] й; ya, yu/yü, ye (я, ю, е) әрптерімен жазыладыZ z[] з

Дыбыстар

Ğ (yumuşak ge) Негізінде <ğ> әрпі этимологиялық [] дыбысын көрсету жөн, бірақ әдеби айтылуында алдындағы дауысты дыбысты ұзартады және келесі дауыстыны үндестіреді. Бұл әріп сөздің нағыз басында кездестірілмейді. Мысалы: Dağ - Даа (қаз.Тау)

Нүктелі İ мен нүктесіз ı Нүктелі İ мен нүктесіз I әріптері дара боп табылады. Нүктесіз ı кіші әрпініне сәйкес бас әрпі I болады және де нүктелі i кіші әрпініне сәйкес бас әрпі İ болады. (Алғашқы заңда нүктелі İ әрпі нүктесіз I алдында болған, қазіргі реттеуде орны алмастырылған.)

Сирконфлексті â, î және û Сирконфлекс қойылған <â>, <î> және <û> өте сирек кездесетін міндетті емес әріптері, <a>, <ı> және <u> әріптерінің нұсқалары деп табылады. Бұлар алдыңғы дауыссыз дыбысты палатализциялануын (жұмсартуын) көрсету үшін пайдаланылады. Араб, парсы тілдерінен алынған кірме сөздерінде даустылардың ұзартылғанын көрсетеді. Мысалы: Kâr - Кяр (қаз.Пайда) Tarihî - Тарихии (қаз.Тарихи)

Q, W, X күйі Түрік әліппесінде Q, W, X деген әріптері мүлдем жоқ, олардың орнына тиісінше K, V, KS әріптері пайдаланылады.

Санат:Түркі халықтарының жазуы Санат:Түрік тілі