‎ Қамыс-Самар жайылмасы – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының орталық бөлігінде, Қараөзен және Сарыөзен өзендерінің төменгі ағысында.

Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 км-ге созылған, ені 50 км. Көктемде қар суы мен тасыған өзен суларының жайылуынан пайда болады. Жайылма аумағында Айдын, Сорайдын, Қандыкөл, т.б. таяз көлдерімен қатар Басыр, Домбақ, Саржан қыстаулары орналасқан. Жайылма теңіз деңгейінен 2 – 3 м төмен жатыр. Көп бөлігінде қалың қамыс, шалғынды өсімдіктер өскен. Жайылма шабындыққа пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазықтары Санат:Батыс Қазақстан облысы географиясы