Қараала – Қайындышоқ орманды алқабының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Манат ауылының оңтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1181 м. Батыстан шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 2-2,5 км шамасында. Беткейі көлбеуленіп өзен арналарына тіреледі. Батыс бөлігінен Манат өзенінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Таудың жонды белестерінде далаға тән өсімдіктер, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы таулары