250px|нобай|оңға|1902 жылғы Қазақ тілінде жазылған мәтін. Төте жазу және Радловтың кирилл графикасында. Ескертпе: ҕ - ғ; ä - ә; н астында түтікпен - ң; j - й; k - қ; џ - ж (джиптағы ж дыбысы); ÿ - ү. Қазіргі кирилшада: "Буруңғу өткөн заманда бір даныспан кісі Бағдат сәәрінің бір үлкөн қазысының үйүнө келіп қонупту. Қазы-мінән сөйлөсүп, қазыны сөзгө жеңә-беріпті. Сонда қазы қорқуп, "бул маған келгән бір бәлә: менің қазылығымны тартыб-алса, керәк! Не-дә болса, буған жалынып, сый беріп, орнумда қалайын!" деп, қатынына ақылдасыпты." Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Ғасырлар бойы қазақ тілінің түрлі әліпбилері болып, тарихи кезеңге байланысты ауысып, жаңартылды.
1929 жылына дейін Қазақстан қазақтары араб жазуын қолданып жүретін, оны 1924 жылы жаңартқан — Ахмет Байтұрсынұлы. 1930жж. көшу-қонудың нәтижесінде, Қытайда тұратын қазақтар әлі күнге дейін араб әліпбиін қолданады.
1920 жж. ортасында Кеңес Одақтағы түркі тілдес халықтарға бұрынғы араб жазуының орнын алатын латын әліпби жасалынуы басталып, 1929—1940 жылдар арасында Қазақ КСР-нда латын жазу жүйесі қолданыста болған.
1940 жылдан бастап, Қазақстанда Кирил жазуы енгізіліп, бүгінге дейін де қолдануда. 2017 жылы қазақ тілінің жазуын латынға ауыстыруға жоспарланып, одан бері қазақ тілінің жаңа латын әліпби нұсқалары жарияланған. Қазіргі таңда, латын жазуының практикалық қолданысы жоқ. Ресми әліпбиілерінен тыс QazaqGrammar мен QazAqparat өз нұсқаларын жариялаған.
Кирил жазуы негізіндегі Қазіргі кириллица Қазақ әліпбиі (кирил) А а Ә ә Б б В в Г г Ғ ғ Д д Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Қ қ Л л М м Н н Ң ң О о Ө ө П п Р р С с Т т У у Ұ ұ Ү ү Ф ф Х х Һ һ Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы І і Ь ь Э э Ю ю Я я Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Қазақ тілінің дұрыс табиғи фонетикасына байланысты Е әрпі орыс тліндегі Э сияқты дыбысталады (Екібастұз (қаз)- Экібастуз (орыс)). Ж әрпі қазақ тілінде орыс тіліндегі ДЖ әріптері арқылы берілетін аффрикаталық дыбысты береді (джігіт, джиһаз, джан, мұғалджар, үрджар, джас - айтылуы; жігіт, жиһаз, жан, мұғалжар, жас - жазылуы). Х әрпі қазақ фонетикасында қатаң айтылады. Сөз ортасындағы Қ (кейде соңындағы) сөйлеу барысында Х болып дыбысталады, егер Қ - дан кейін дауыссыз дыбыс келсе. Һ әрпі көбінесе араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, жұмсақ, жеңіл Х сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында боп сөйленеді. Сөздің ортасында я соңында Е дыбысы Ә-ге ұқсас айтылуы мүмкін. Э әрпі жазылмайды, бірақ Е әрпі Э сияқты дыбыс береді. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады): Е — А Ө — О Ү — Ұ І — Ы Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді.
Қазақ екпіні көбінесе соңғы буынға түсіп тұратындықтан жазуда белгіленбейді.
Белгішелеу thumb|150px|iOS жүйесіндегі қазақ жаймасы Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі амал жүйелері мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтығы, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаны және қалыпты компьютер әріптері жетіспеушілігі. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқаларыҚазақ тілінің кодтамалармен көрген бейнетіміз, себебі — стандартты бұзған оңбайды ұсынылған.
Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.
Пернетақта жаймасы 150 px|thumb|Windows жүйесіндегі қазақ пернетақта жаймасы 150px|thumb|macOS жүйесіндегі қазақ жаймасы Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.
Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себептен қалыпты жаймада бейәріп нышандарға және Ё әрпіне орын табылмаған.
Шоқындырушылардың жазуы Алғашқы қазақ кирил әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Қазақ «миссионер» әліпбиіА аӒ ӓБ бГ гД дЕ еЖ жЗ зИ иЙ йК кЛ лМ мН нҤ ҥО оӦ ӧП пР рС сТ тУ уӰ ӱШ шЫ ы Unicode +Unicode-тағы қазақ тілінің кирилл блогіБастапқы3 саныСоңғы саны0123456789ABCDEF040ЀЁЂЃЄЅІЇЈЉЊЋЌЍЎЏ041АБВГДЕЖЗИЙКЛМНОП042РСТУФХЦЧШЩЪЫЬЭЮЯ043абвгдежзийклмноп044рстуфхцчшщъыьэюя045ѐёђѓєѕіїјљњћќѝўџ046ѠѡѢѣѤѥѦѧѨѩѪѫѬѭѮѯ047ѰѱѲѳѴѵѶѷѸѹѺѻѼѽѾѿ048Ҁҁ҂҃҄҅҆҇҈҉ҊҋҌҍҎҏ049ҐґҒғҔҕҖҗҘҙҚқҜҝҞҟ04AҠҡҢңҤҥҦҧҨҩҪҫҬҭҮү04BҰұҲҳҴҵҶҷҸҹҺһҼҽҾҿ04CӀӁӂӃӄӅӆӇӈӉӊӋӌӍӎӏ04DӐӑӒӓӔӕӖӗӘәӚӛӜӝӞӟ04EӠӡӢӣӤӥӦӧӨөӪӫӬӭӮӯ04FӰӱӲӳӴӵӶӷӸӹӺӻӼӽӾӿ050ԀԁԂԃԄԅԆԇԈԉԊԋԌԍԎԏ051ԐԑԒԓԔԕԖԗԘԙԚԛԜԝԞԟ052ԠԡԢԣԤԥԦԧԨԩԪԫԬԭԮԯ
Ресми латын әліпби нұсқалары Қазіргі латын әліпбиі Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылдыhttps://www.zakon.kz/4882340-kakoy-proekt-alfavita-kazahskogo-yazyka.html . 2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілдіhttps://vlast.kz/obsshestvo/24755-glavnoe-ne-toropitsa-kazahskij-alfavit-na-latinice-prezentovan-v-parlamente.htmlhttp://www.zakon.kz/4877319-kakim-budet-novyy-kazahskiy-alfavit.html . 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілдіhttp://www.zakon.kz/4882340-kakoy-proekt-alfavita-kazahskogo-yazyka.html . 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда. thumb|2017 нұсқасы|солға|237x237 нүкте thumb|2018 нұсқасы Әліпби 32 әріптен тұрады.
2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін қазақ тілінің төл дыбыстары мен дыбысталуын сақтауға баса назар аударып, қайта қарауға шақырды.
Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының академиктері және сценарийлерге көшу жөніндегі ресми жұмыс тобына кіретін мамандар 2019 жылдың қараша айында көпшілікке ұсынған бұл редакция диграфтар мен өткір екпіндердің орнына умлауттарды, бревтер мен цедиллаларды қолданады және орфографиялық өзгерістерді ретімен енгізеді қазақ фонологиясын дәлірек көрсету.
Бұл түзету - түрік әліпбиінің сәл өзгертілген нұсқасы, С әрпін түсіріп, түрік тілінде жоқ төрт қосымша әріпке ие: Ä, Q, Ŋ және W. thumb|2019 нұсқасы
Осы нұсқа мақұлдауын күткен кезде лингвистер Ә, Ә, Ғ ғ, И и, Й, Ң ң, Ө ɵ, У у, Ұ ұ, Ү ү, Ы ы, Ч ч, Ш ш және І i. Екпінді таңбаларды енгізудің баламасы - диграфтарды көбірек пайдалану.
2021 жылы қаңтарда әріптерін енгізе отырып, қазақ латын әліпбиінің қайта қаралған нұсқасы ұсынылды, Ä ä (Ə ə), Ö ö (Ө ө), Ü ü (Ү ү), Ğ ğ (Ғ ғ), Ū ū (Ұ ұ), Ŋ ŋ (Ң ң) және Ş ş (Ш ш).
Бұл нұсқа 2023 жылдан бастап ресми түрде қолданысқа енеді.
Ресми латын әліпбиі (2021 нұсқасы): A a (А а) Ä ä (Ә ә) B b (Б б) D d (Д д) E e (Е е) F f (Ф ф) G g (Г г) Ğ ğ (Ғ ғ) H h (Х, Һ) İ i (И, Й) I ı (І і) J j (Ж ж) K k (К к) L l (Л л) M m (М м) N n (Н н) Ñ ñ (Ң ң) O o (О о) Ö ö (Ө ө) P p (П п) Q q (Қ қ) R r (Р р) S s (С с) Ş ş (Ш ш) T t (Т т) U u (У у) Ū ū (Ұ ұ) Ü ü (Ү ү) V v (В в) Y y (Ы ы) Z z (З з)
Unicode +Unicode-тағы қазақ тілінің латын блогіБастапқы3 саныСоңғы саны0123456789ABCDEF002 ! " # $ % & ' ( ) * + , - . /003 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 : ; < = > ?004 @ A B C D E F G H I J K L M N O005 P Q R S T U V W X Y Z [ \ ] ^ _006 ` a b c d e f g h i j k l m n o007 p q r s t u v w x y z { | } ~ 00C À Á Â Ã Ä Å Æ Ç È É Ê Ë Ì Í Î Ï00D Ð Ñ Ò Ó Ô Õ Ö × Ø Ù Ú Û Ü Ý Þ ß00E à á â ã ä å æ ç è é ê ë ì í î ï00F ð ñ ò ó ô õ ö ÷ ø ù ú û ü ý þ ÿ010 Ā ā Ă ă Ą ą Ć ć Ĉ ĉ Ċ ċ Č č Ď ď011 Đ đ Ē ē Ĕ ĕ Ė ė Ę ę Ě ě Ĝ ĝ Ğ ğ012 Ġ ġ Ģ ģ Ĥ ĥ Ħ ħ Ĩ ĩ Ī ī Ĭ ĭ Į į013 İ ı IJ ij Ĵ ĵ Ķ ķ ĸ Ĺ ĺ Ļ ļ Ľ ľ Ŀ014 ŀ Ł ł Ń ń Ņ ņ Ň ň ʼn Ŋ ŋ Ō ō Ŏ ŏ015 Ő ő Œ œ Ŕ ŕ Ŗ ŗ Ř ř Ś ś Ŝ ŝ Ş ş016 Š š Ţ ţ Ť ť Ŧ ŧ Ũ ũ Ū ū Ŭ ŭ Ů ů017 Ű ű Ų ų Ŵ ŵ Ŷ ŷ Ÿ Ź ź Ż ż Ž ž ſ
Тарихи және басқа да латын әліпбилер Латындық Жаңәліп
нобай|Бастапқы Жаңәліп әліпбиі және онымен сәйкес араб әліпбиі (1931 ж.) 350 px|thumb|«Sotsijaldƅ Qazaƣƅstan» (Социалды Қазақстан) газетінің 1937 жылғы сандарының бірі. (Қазақ КСР Конституциясына арналған төтенше саны) КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Жаңәліп; тат. яңа - жаңа + алиф - әліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды.
1929 нұсқасы Жаңәліп әліпбиі (1929 жылы)A aB ʙC cÇ çD dE eƏ əG gƢ ƣH hI iJ jK kL lM mN nꞐ ꞑO oƟ ɵP pQ qR rS sT tU uV vY yZ zЬ ь Бірінші Жаңәліп нұсқасы 1929—1938 жылдар арасында қолданылған. Әліпбиде 29 әріп болып, Çç, Əə, Ƣƣ, Ꞑꞑ, Ɵɵ, Ьь әріптері енгізілген.
1938 нұсқасы Жаңәліп әліпбиі (1938 жылы)A aB ʙV vG gD dE eÇ çZ zI iJ jK kL lM mN nO oP pR rS sT tU uF fX xƢ ƣQ qC cƏ əH hꞐ ꞑƟ ɵŪ ūY yЬ ь Екінші Жаңәліп нұсқасы 1938—1940 жылдардың арасында қолданылып, тек латын графика мен кириллица арасындағы аралық рөлін атқарған. Әліпбиге көптеген орыс әріптерді енгізіліпп, бұрынғы әріптердің қолданысын өзгертілген. Нәтижесінде, бұл нұсқа қазақ тілінің орфографиясына ірі өзгерістер әкелген.
Кірме сөздерді нақты белгілеу үшін Ff пен Xx әріптері кірген. Бұрынғы Hh әрпімен белгіленген дауыс екі әріпке бөлініп, біреуі Xx ретінде белгілініп, екіншісі латын әліпбиінде дәл солай қалып, кириллица енгізілген соң Һһ әрпімен белгілене бастаған. Uu әрпі Ūū әрпіне өзгертіліп, әуелгі Uu әрпі бұрында /Ў/, /ЫЎ/, /ІЎ/, /ҰЎ/, /ҮЎ/ және орыс тілінен келген дауысты /У/ дауысын белгіле бастаған. Сондықтан бұрында /Ў/ дауысы үшін қолданылған Vv, кейін /В/ дауысын белгілеу үшін қолданылған. Ұқсас өзгеріс Ii әрпіне тиген, бірінші нұсқада /І/ дауысын білдірген әріп, кейінде /ІЙ/, /ЫЙ/ және онымен қатар кірме сөздерде табылатын орыс /И/ дауысын таңбалаған. Jj әрпі Ii әріптің орнына, /І/ дауысына арнаған.
Пінин латыны 1950 жж. Қытайда тұрған қазақтардың әліпбиін Кеңестік кириллицасына ұқсас графикасына алмастырғысы келгенімен, Кеңестік-Қытайлық қарама-қатынастың бұзылуының кесірінен, бұл идеядан бас тартқан. Сондықтан 1964—1984 жж. арасында Қытайдағы қазақтар қытай тілінің латын нұсқасын — пінин әліпбиін қолданған: Пінин әліпбиіA aB bD dE eÊ êƏ əF fG gƢ ƣH hⱧ ⱨI iJ jK kⱩ ⱪL lM mN nNg ngO oƟ ɵP pQ qR rS sT tU uÜ üV vW wX xY yZ z Содан кейін, 1984 жылы Араб жазу қайта қолданысқа енген, бірақ пінин латын қазақ әлі ғылым мен кітаптарда қолданылуы мүмкін.
QazaqGrammar нұсқасы