300x200px|thumb|Қарабарақ Қарабарақ (Halostachys) – алабұталар тұқымдасына жататын бұта немесе ағаш.
Еуропаның, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияның сазды жерлерінде кездесетін 1 түрі белгілі. Қазақстанда Каспий маңы ойпаты, Сарыарқа, Үстірттің солтүстік және оңтүстік бөлігі, Зайсан алабы, Бетпақдала, Арал маңы, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысының сортаңды жерлері мен тұзды көлдердің жағалаулары, сондай-ақ өзен бойларында өсетін – төбесораң қарабарағы (H. belangeriana) бар.
Қарабарақты кейде түйесораң деп те атайды. Оның биіктігі 3,5 м-дей, көп бұтақты өсімдік. Ұсақ жапырақтары үш бұрышты, сабаққа қарама-қарсы орналасқан. Гүлі қос жынысты, аталығы – 1, аналығы – екеу. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы майда (0,75 мм). Қарабарақтан негізінен сақар алынады. Өсімдіктің құрамында алкалоид бар (итсигектің құрамындағы алкалоидқа ұқсас), одан өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттар алынады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы Санат:Алабұталар Санат:Еуразия флорасы