Қарақамыс – Балқаш көлінің батысындағы шығанақ.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында орналасқан.
Сипаты Құрлыққа 8 шақырым сұғына еніп жатыр, ені 10 шақырым, тереңдігі 5 м. Түбі сазды, кей жері тастақты. Солтүстік және оңтүстік жағасы жарқабақты, төменгі девонның порфирит, кварцит, т.б. жыныстарынан түзілген. Құм саздақты батыс жағалауы өзімен аттас сорға ұласады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы географиясы Санат:Балқаш көлі шығанақтары