Айғыржал – Өлеңті өзенінің сол жағалауында орналасқан тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде. Абсолюттк биіктігі 440 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 9 – 10 км, ені 2 – 3 км доға тәріздес созыла орналасқан.

Геологиялық құрылымы Эрозия-тектоникалық ыдырау нәтижесінде түзілген аласа таулар қатарына жатады.

Жер бедері Шығысы, батысы мен оңтүстігі жазық, солтүстігі тік жарлы келген. Солтүстік беткейінің баурайында Қызылсор тұзды көлі жатыр.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары