thumb|right|150px|Айырқызыл алқабынды өсетін шөп (еркек шөп)
Айырқызыл – Торғай қолатының оңтүстік-батысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылынан батысқа қарай орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 130 м биік. Ұзындығы 32 км, ені 14 км. Жалпы аумағы 284 км2.
Өсімдігі Жүзген, құмыршық, ақ селеу, еркек шөп, ақжусан, жиде, т.б. шөптер өседі. Айырқызыл жыл бойғы мал жайылымы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы құмдары