Ақбасбалау () – астралылар тұқымдасына жататын бұта; өсімдіктер туысы. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауының әктасты, құмды, тастақты беткейлерінде, өзеннің тасты арнауларында өсетін 1 түрі – бұталы Ақбасбалау (Asterothamnus frutіcosus) бар. Биіктігі 45 см-дей, көп сабақты, қалың түкті. Жапырақтары қауырсын тәрізді (ұзындығы 10 – 25 см, ені 4 мм). Гүлдері қос жынысты, ақшыл көк түсті, ұсақ себеттері қалқанша гүлшоғырын құрайды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ұзын қылшықтары бар. Айдары ақ немесе сұр түсті, тұқымынан екі есе ұзын болады.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер