Ақбүйрек “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 (Fіcarіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразияда кездесетін 8 – 10 түрі белгілі. Қазақстанның шалғындық, далалық ойпаңдарда, бұталар және бау-бақша арасында өсетін 1 түрі – көктем Ақбүйрекгі (F. verna) бар. Биіктігі 15 – 30 см тамырының бір бөлегі түйнектеліп жуандаған, көбінесе сабағы қысқарып кетеді. Жапырақтарының шеті бүтін, көбінесе етті, пішіні бүйрек тәрізді, беті жылтыр. Дара гүлдерінің желектері алтын немесе сары түсті. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп жаңғақша, түкті. Дәрілік өсімдік. Дереккөздер</span>
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Биология