Ақсан – Обаған өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қарақалпақ темір жол санциясынан солтүстік-шығыста 7 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 208,6 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 4,2 км2. Ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,4 км.
Жағалау сипаты Жағасы жайпақ. Көлдің деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады. Оңтүстік-шығысында Аманқарағай шоқ орманы, солтүстік-батысында Қазанбасы қоныстары орналасқан. Алабы жайылым, шабындыққа пайдаланылады.
Санат:Әулиекөл ауданы көлдері