Ақсуат — Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Жайық өзенінің сол жағалауында, аудан орталығы — Теректі ауылынан батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Жақын темір жол стансасы — Орал (25 км жерде).

Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1997 жылға дейін ұжымшар, селолық кеңес орталығы болған. Кейін (1997) ұжымшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1057 адам (550 ер адам және 507 әйел адам) болса, 2009 жылы 1121 адамды (575 ер адам және 546 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1078 адамды (548 ер адам және 530 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Ақсуатта машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт, сауда және тұрмыс қажетін өтеу мекемелері бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы елді мекендері