Ақтөбе – Мұзбел қыратының шығысындағы дөңгелене келген шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 476 м. Шоқының жанынан Үлкен Құндызды, Нұра, т.б. өзендер ағып өтеді.

Өсімдігі Етегіндегі қара топырақта ксерофитті өсімдіктермен бірге түрлі жұлдызшөптер, көкшұнақ, бетеге өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы таулары