Алатұқым () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Оңт. Еуропада кездесетін 2 түрі белгілі. Қазақстанда далалық аймақтың сортаңды жерлерінде, балшықты, тастақты тау беткейлерінде, өзен-көл жағалауларының құмдақты жерлерінде өсетін 1 түрі – қасқа А. (Р. сalva) бар. Биікт. 15 – 20 см, қалың түкті өсімдік. Сабақтары жеке, кейде бірнешеу, тік немесе жатаған. Жапырақтарының пішіні әр түрлі, көбінесе қауырсынды тілімденген. Гүлдері қызғылт түсті, көпгүлді себет гүлшоғырына топталған. Себеті сабақ ұшына дара орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы ұзынша келген, ұзындығы 4 – 6 мм, айдары болмайды.

Санат:Күрделігүлділер