Алқакөлқұм – Сырдария өзенінің оң жағын алып жатқан құмды алқап.
Географиялық орны Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі жерінде орналасқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен 220 – 280 м биіктікте. Ұзындығы 65 км, ені 8 – 18 км. Жер бедері қырқалы-төбелі келеді. Төрттік дәуірдің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шалғынды сұр және кәдімгі құмдақты сұр топырағында жүзгін, қоянсүйек, жусан, еркек шөп, ал сортаң жерінде алабота өседі.
Санат:Түркістан облысы құмдары