Амангелді жер асты су кен орны – Қостанай облысы Амангелді ауданында, Жалдама және Қараторғай өзендерінің құйылысында орналасқан.

Геологиялық құрылымы мен сипаты Сулы қабат орта төрттік кезеңінің аллювийлі құмдарындағы террасасында, қалыңдығы 6-23 м. Тәуліктік сүзілу коэффициенті 9-65 м, қайтарымдылығы 0,18. Ұңғыманың тәуліктік дебиті 15,3 л/с. Суы тұщы (0,3-1 г/дм3). Бекітілген тәуліктік қорының мөлшері 5,8 мың м3. Суы Амангелді ауылын ауыз сумен қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы кен орындары