Аралқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Лепсі мен Басқан өзендері аралығында орналасқан қырқалы төбешікті құм.
Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде.
Жер бедері Солтүстік−батыстан оңтүстік−шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр. Енді жері 18 км. Төбешікті құмдардың биіктігі 15–20 м-ге жетеді.
Өсімдігі Өзен аңғарымен ұласқан жерлерінде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ, жүзгін, қоянсүйек, жусан, селеу, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы құмдары