Ақсу - ағыны қатты, тау өзенінің атауы. Тау өзенінің арыны қатты ағындысын тентексу немесе тентек деп атаған. Сол тәрізді көксу суы өте таза, яғни тұщы өзеннің атауы; сарысу - сорлы, тұзды судың атауы, ал қарасу - жерден шығып жатқан судың атауына қатысты айтылады. Бұл атаулар өзен ағыны мен суының сапасына байланысты қолданылады.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология