Әйтеке би ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылы.

Географиялық орны Аудан Ақтөбе облысынан 320 шақырым жерде, облыстың солтүстік-шығысында, Ресеймен шекаралас Ырғыз өзенінің бойында орналасқан. Батысында облыстың Хромтау, Мұғалжар, оңтүстігінде Шалқар, Ырғыз, шығысында Қостанай облысының Қамысты, Жангелдин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.

Тарихы 1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумның Жарлығымен Комсомол ауданы болып құрылған. Аудан орталығы Бөгеткөл селосы болып белгіленді. Оның құрамына Қарабұтақ ауданының 8 селолық Кеңесі енді: Жамбыл, Жаңадәуір, Қызылжар, Құмқұдық, Псков, Талдысай, Тереңсай, Ұшқатты. Сол кездегі берілген мәліметтерге сүйенсек, аумағы 870 мың га, ауыл шаруашылығына  жарамды жерлері 819 мың га болды. Егінді аудан ретінде қалыптасқан шаруашылыққа «Восточный», «Псков», «Северный», «Урожайный», «Щербаковский», «Ярославский» және ХХІІ Партсъезд атындағы тың совхоздары біріктірілген. 1993 жылы Комсомол ауданының атауы Бөгеткөл ауданы болып өзгертілді. 1997 жылдың 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Бөгеткөл ауданы көршілес Әйтеке би (бұрынғы Қарабұтақ) ауданымен біріктіріліп, Әйтеке би есімін иеленді де, Комсомол селосы аудан орталығы болып белгілендіАудан тарихы.

Халқы 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 13784 22948 24482 34628 25723 24185 Тұрғыны 24895 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (93,68%), орыстар (4,05%), басқалары (2,27%).

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 27 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылы 1 469 Ақтасты ауылдық округі Ақтасты ауылы 2 545 Аралтоғай ауылдық округі Аралтоғай ауылы 4 1513 Әйке ауылдық округі Әйке ауылы 2 1573 Жабасақ ауылдық округі Жабасақ ауылы 3 1011 Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы 1 529 Қайрақты ауылдық округі Талдық ауылы 1 224 Қарабұтақ ауылдық округі Қарабұтақ ауылы 4 3060 Құмқұдық ауылдық округі Құмқұдық ауылы 1 988 Қызылжұлдыз ауылдық округі Аралтөбе ауылы 1 694 Сарат ауылдық округі Сарат ауылы 1 433 Сұлукөл ауылдық округі Сұлукөл ауылы 1 407 Темірбек Жүргенов ауылдық округі Темірбек Жүргенов ауылы 2 8506 Тұмабұлақ ауылдық округі Тұмабұлақ ауылы 2 718 Үшқатты ауылдық округі Үшқатты ауылы 1 214

Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Т. Жүргенов (Комсомол) 7167 Қарабұтақ 2251 Талдысай 1339 Құмқұдық 988 Әйке 937 Аралтоғай 886 Аралтөбе 694 Жабасақ 665 Тереңсай 636 Тұмабұлақ 572 Жамбыл 529

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Аудан жері негізінен үстіртті жазық (биіктігі 100 – 400 м) келеді. Солтүстік-шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені мен оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т.б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188,9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69,3 мың га, шабындығы 4,3 мың га, жайылымы 835,8 мың га.

Жол жүйесі Әйтеке би ауданы арқылы Астана-Ақтөбе теміржол сапар желісі өтеді. Негізгі автокөлік жолы Қарабұтақ — Комсомол — Северный — Жайылма елді мекендер үстінен өтеді.

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы