Әулиекөл ауданы — Қостанай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жерінің аумағы — 11,1 мың км². Орталығы — Әулиекөл ауылы. Аудан 1928 жылы Семиозёр ауданы болып құрылған, 1997 жылдан Әулиекөл ауданы деп аталады.
Географиялық орны Солтүстігінде Қостанай, Алтынсарин, батысында Бейімбет Майлин, Қамысты, шығысында Қарасу, оңтүстігінде Науырзым аудандарымен шектеседі.
Жер бедері Аудан жерінің көпшілік бөлігін жазықтық және қазаншұңқырлы-көлді өңір алып жатыр. Аудан аумағы оңтүстік-батысында Торғай Үстіртімен (абсолют биіктігі — 250 м), шығысында Торғай қолатымен (абсолют биіктігі — 103–115 м) шектеседі. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, көмір, отқа төзімді саз, боксит кездеседі. Климаты шұғыл континенттік — қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айындағы орташа температурасы — 18–19°С, шілдеде — 21–22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 260–280 мм. Топырағы қара, қара қызғылт, қоңыр, құмдақ болып келеді. Селеу, көкпек, жусан, т.б. шөп өседі. Ауданның шығысында Басаман, Аманқарағай орман алқабы бар. Жабайы жануарлардан: қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, орманды өңірінде тиін, елік, бұлан; құстардан: шіл, қарақұр, бүркіт, кезқұйрық, қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, тауқұдірет, шымшық, бозторғай, т.б. мекендейді.
Су торабы Жер беті суларын ауданның Солтүстік-батыс бөлігі мен Торғай қолатындағы көлдер, Обаған өзенінің жоғарғы салалары, Шилі өзені құрайды. Көлдері: Құсмұрын, Шилі, Қарасор, Аласор, Сұлукөл, Шұбанкөл, т.б.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 27778 61162 70371 68874 66420 55338 47538 40460 Тұрғындар саны – 42 178 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 51,05%, орыстар – 30,78%, украиндар – 7,41%, немістер – 3,14%, татарлар – 2,11%, шешендер – 1,49%, беларустар – 1,17%, башқұрттар – 0,33%, әзербайжандар – 0,28%, басқа ұлт өкілдері – 2,23%.
Әкімшілік бөлінісі 29 елді мекен 3 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Аманқарағай ауылдық округі Аманқарағай ауылы 3 6791 Әулиекөл ауылдық округі Әулиекөл ауылы 1 10857 Диев ауылдық округі Диевка ауылы 4 1466 Көктал ауылдық әкімдігі Көктал ауылы 1 532 Қазанбасы ауылдық округі Октябрь ауылы 4 1382 Құсмұрын кенттік әкімдігі Құсмұрын кенті 1 6795 Москалёв ауылдық округі Москалёвка ауылы 1 622 Новонежин ауылдық округі Новонежинка ауылы 3 2138 Новосёлов ауылдық округі Новосёловка ауылы 4 1099 Первомай ауылдық әкімдігі Первомайское ауылы 1 502 Сұлукөл ауылдық округі Юльевка ауылы 2 940 Тимофеев ауылдық әкімдігі Тимофеевка ауылы 1 1240 Чернигов ауылдық округі Черниговка ауылы 3 860
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Әулиекөл 10857 Құсмұрын 6795 Аманқарағай 6403 Новонежинка 1820 Диевка 1466 Тимофеевка 1240 Черниговка 707 Юльевка 634 Новосёловка 587 Москалёвка 583 Қазанбасы 564 Көктал 532 Первомайское 502
Шаруашылығы Ауданда май, сыра, нан, құрама азық заводтары, шағын тігін және жиғаз фабрикалары, құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспахана, жол құрылыс кәсіпорыны, автобаза бар. Әулиекөл ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы — 1,1 млн га (1997), оның ішінде: 447,8 мың га егістік, 17,7 мың га шабындық, 501,4 мың га мал жайылымы бар. Ауданда негізінен қой, сиыр, жылқы, шошқа өсіріледі, астық, жемшөп, көкөніс, картоп, т.б. егіледі.
Дереккөздер
Санат:Әулиекөл ауданы