Бағырлайсай – Жайық алабындағы өзен, Жайықтың оң жақ тармағы.
Географиялық орны Атырау облысының Махамбет ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 132 км, су жиналатын алабы 904 км².
Бастауы Ақжайық ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығады да оңтүстік-батысқа қарай ағып, Жалтыр көліне құяды.
Гидрологиясы Жауын-шашын және Жайықтың жайылма суымен толығады. Аңғары кең, оң жағасы тік жарлы. Желтоқсан — сәуір айларында бетіне мұз қатады. Суы тұщы. Жайылмасында шабындық алқаптар бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Махамбет ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері