Балықты жер асты су кен орны - Қостанай облысы Рудный қаласының оңтүстігінде, Тобыл өзенінің сағасында орналасқан. 1972 жылы барланып, 1986 жылы іске қосылған. Су қоры тәулігіне 3550 м3. Жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы кен орындары