XX ғасырдағы Павлодар облысы 1901 жылы қазіргі Павлодар облысы аумағында мекен еткен 162,5 мың адамның 90,2% көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар болды. Славян тілдес халық (6,5%) көбінесе диқаншылықпен айналысты. Қала тұрғындарының саны 3,7% құрады. Асыл тұқымды дворян 109 адам, мещандар - 4,5 мыңға жуық болды.

1901 көлдерден 77 мың тонна тұз алынды. Тұз өндірісінде көбінесе жарлы-қазақтар жұмыс істеді. Жылына 65-тен 308 ц-ге дейін балық ауланды. Шаруашылықты жүргізуге 500 ие (орыстар және көбінесе қазақтар) айналысқан кірешілік кәсіп септігін тигізді. Ертіс бойымен 132 кеме жүзді, олардың кейбірі Павлодар қыстап, жөнделді. Кеме жөндеу шеберханаларында 10 тұрақты және 60 маусымдық жұмысшылар жұмыс істеді. Павлодардың Ертіс өзенінде орналасуы сауданың дамуына ықпалын тигізді. XX ғасырдың басында қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын қиындатуға әкелетін үйезге көшу күшейді. Олардың көп бөлігі аралас шаруашылық – мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысуға көшуге мәжбүр болды. Экономикалық өмірмен қоса рухани даму да байқалды. Жетекші орында Құдайға сиыну тұрды. Әрбіп пунктте шіркеу, дұға оқу орындары, мешіттер болды. Мешіттерде мектептер жұмыс істеді, моллалар ауылда мектептер ашты. Екі ғасыр тоғысында ақсүйектік мәдениеттің әсері байқалды. 29 оқу орындарының ішінде 18 казактар, тек 6 ғана қазақтар үшін ауылдық жерлерде (оқу орыс тілінде жүргізілді) жүргізілді. Екі онжылдық ғасырдың басында ауылдарда, көшпелі кенттерде (Михайловка, Федоровка, Ертіс, Галкино және т.б. ), интернатымен орыс-қырғыз училищелері ашылды. Мәдени-ағарту мекемелерінің ішінде қоғамдық кітапхана (1892 ашылды), кинофильмдер, театр қойылымдары қойылатын, дәрістер оқылатын, оқырман залы бар халық үйі болды. Павлодарда «Заря» және «Фурор» кинотеатрлары ашылды. Маусымдық цирк көпшілікке танымал болды. 1906 жылдан баспаға шығару жұмыс істеп келеді. Үйез бен қоршаған әлемді телеграф, кеме қатынасы арқылы қатынасты.

Азамат соғысы кезеңіндегі Павлодар облысы Материалдық қиындықтар, әлеуметтік қайшылықтар, патша өкіметінің қысымы, үкіметке қарсы, оппозициялық күштердің ықпалы әлеуметтік қарсыласу қозғалысына әкеп соқты (1903 жылғы Екібастұз шахталарындағы ереуілдер, 1905 ж. желтоқсандағы шығанақ жұмысшыларының ереуілі, қазанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа Х.Тосчанов, А.Чадарбаев, А.Какобаев басшылығымен 4 мың адамның қатысуы; қымбатшылық деңгейінің өсуі, көпестердің басынуына қарсы 1917 жылы Павлодар қарсылық көрсетілді); саяси күрестің белсенділігі артты (социал-демократтардан бастап монархистерге дейін түрлі саяси бағыттағы үйірмелердің ашылуы); 1906 сәуірі мен 1908 ж. прокламацияның пайда болуы, 1917 жылы тамызда алдымен кадеттік, сосын эсерлік бағыттағы «Еркін дала» газ. шығуы; ұлттық сананың дамуы, ұлттық даму бағдарламасын дайындауға қатысу («Алаш» партиясы қозғалысындағы павлодарлықтардың қызметі), 1905 жылы Қарқаралы петициясын дайындауға - О.Мусафыров, Т.Нүрекенов және т.б. қатысуы. Уақытша үкімет Павлодар мен үйез басшылығына комиссар Қайдаловты тағайындады. Сайлау негізінде уақытша атқарушы комитеттер құрылды, олардың құрамына жұмыскерлер, басқарма қызметкерлері, тіпті патша шенеуіктері де кірді. Қуылған полиция орнына милиция құрылды. Уақытша органдарымен қатар белсенді саяси қызметке тартылған массалар Кеңестер құрды (8 наурыздан кешіктірмей – Павлодарда, 29 наурызда – Екібастұзда жұмысшылар мен жауынгерлер деп., 6 мен 11 мамыр аралығында 1 шаруа және казактар съезді, 10-11 тамызда – 2-съезд өтті). Жұмыскерлер, жауынгерлер депутаттары Уақытша Үкімет саясатын қабылдамады, алайда большевиктер бағдарламасын қолдап, қабылдады. Съезд төрағасы П. Косогор мен атқ.комитет В. Шишканов басшылығымен шаруа, казактар деп. съезі Уақытша Үкімет қолдап, эсерлік бағытты қабылдады. «Алаш» партиясының мүшелері Уақытша үкіметтің кадеттік жағымен тарап кетті, ұлттық автономияны құру үшін барлық қазақтардарды бірігуге шақырды. 19.01.1918 ж.уақытша үкімет құлаған соң жергілікті горнизонның қолдауымен жаңа құрылған Қызыл Әскерге сүйеніп, үйездегі билік бейбіт жолмен С.К.Теплов пен П.М.Ширяевтың басшылығымен Кеңесті алды. Биліктен Уақытша үкімет комиссары шектетілді, қала басшысы камауға алынды, қала Думасы, үйездік жер жиналысы таратылды. Екібастұздағы көмірді, бу диірменін ұлттандыру басталды. Казактар басшыларының, байлардың, кулактардың артық жерлері тартып алынды. Көпестердің үйлері ұлттандырылды, көпестерге сан мың салық салынды. Үйездік атқкомитеттің азық-түлік бөлімі нандарды тартып алу, алыпсатарлықпен күрес бойынша шаралар қолданды. Кедейлерге, ауыл оқытушыларына, жұмыс ұжымдарына көмек көрсетілді. Өмірдің жаңа белесі жаңа қайшылықтарды да тудырды.Кеңес үкіметін мойындамаған қазақтар автономиясын құруды көздеген "Алаш-Орда" үкіметі құрыла бастады. Олардың жағына Павлодар Ертіс өңірінің тумалары Ж. Аймауытов, С. Торайғыров (Алаш Орда әнұраны мен маршының авторлары), А.Барлыбаев, К.Бердалин (Алаш үйездік комитетінің төр.) М.Боштаев, А.Сейітов, И.Жанқарин, А.Сатпаев және т.б.

Жұмыскерлер, жауынгерлер, қырғыз, татар, шаруа деп. Кеңестерімен қатар пайда болған казактар қоныстарына басшылық ететін казактар деп.Кеңесі (төр. В. Полюдов), жаңа билікке деген бейтараптылығын жариялады. Алайда 4,5 ай өткен соң 1918 1 мен 26 қараған түні қарулы төңкеріс жасап, сотсыз Кеңес мүшелерін (В.Кузнецов, С.Теплов) жояды. 1918 қарашасына дейін Павлодар үйезінде Уақытша Сібір үкіметінің билігі, сосын комиссар есаул П.И.Виноградскийдің, қала коменданты Осицимскийдің, үйездік милиция бастығы П. Барсовтың, Павлодар ү. басқармасы С.С. Зефировтың басшылығымен Колчак үкіметі билігі орнап тұрды. Қала думасы, земство, жер қатынастары, берешектерді күшпен тартып алу, әскерге жұмылдыру, реквизиция қалпына келтірілді. Кеңестер тартып алған барлық мүлік қайтарылды. Колчактық әкімшілері заңсыздық әрекеттерді орын берді. Алаш-Орда ақ гвардиялық режимдермен жұмысын тоқтатты, олар ақырындар Кеңес үкіметін мойындай бастады. 100-ден астам павлодарлықтар Семей және Өскемен түрмелерінде өлтірілді. Павлодардағы (29.11.1919) колчактық режимнің құлауы қарсаңында Кеңес мүшелері түрмеге жабылған еді. Атаман Анненков 40 жорығында Павлодар және Славгород үйездерінде 1667 адамды өлтірді. Кеңес билігін қалпына келтіру биліктің мемл,органдарының басым күшімен қабаттаса жүрді. Кеңестер сайлауына дейін үйез басшылығына Павлодарды босатқан полк комиссары Г.А.Жигарев басшылығымен төтенше орган – ревкомды қойды. Орынбасары болып Казаринов және хатшысы болып – Росляков тағайындалды. Үйездік милиция бастығы болып И. Дубовицкий тағайындалды. 1920 жылдың шілдесіне дейін өмір сүрген ревком болыстық ревкомдарды сайлау, олардың жұмысына басшылық ету, Кеңес үкіметі жауларымен күрес бойынша төтенше шаралар, қанаушылықты тоқтату, індетті тоқтату, азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік салғырты секілді шараларды жүзеге асырды. 1920 жылғы шілдеде көлемі өскен азық-түлік салғырты шаруалар арасында тиімді болмады, кейін қате іс-әрекеттерге ұласты, осы жағдайды Кеңес үкіметінің қарсыластары пайдаланды. Есаул Шишкин Павлодарға шын қауіп төндіретін 16 мың қарулы қарсыластарды жинап алды. Тек ерекше міндет жүктелген бөлікті жұмылдарғанан кейін ғана 1920 ж. Шишкин жасағы қирады. Өзі болса шағын жасақпен Қытайға кетті. 1922 жылдың көктеміне дейні подполковник Цветков, Уваров, Л.Найд, К.Зайченко, поручик Дорофеев және т.б.жасақтары Кеңес үкіметімен қарсыласып келді. Өндірістік салада ұжымдық түрге көшу басталды: коммуналар, с-здар ("Червона Украина", "Жаңа өмір", "Жаңа әлем", "Коммунар" және т.б.) құрылды. 1920 жылдың ортасында ұжымдастыру өзіне шаруалардың, ш-лықтардың 30% жұмылдырды. 1925 жылы үйезде 101 орыс және 106 қазақ мектептері жұмыс істеді. Оқушылар саны 1917 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Қазақ мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді, көшпенділер балалары үшін интернатымен бірге мектеп-коммуналар ашылды. (Алғашқысы Павлодарда 1925-26 оқ.ж.тіркелген).

Ауылшаруашылықты ұжымдастыру 1926 жылдан бастап ауылшаруашылықты ұжымдастыру басталды. 1927 ж. аяғында жойылған коммуналар мен с-здардың орнына 1920 ж. басында өндірісті іске асыратын түрлі деңгейдегі 34 ұжымдық шаруашылық құрылды. 1928 ж. күзінде 177 колхоз болды. Олардың әрқайсысына 664 рубльды құрайтын ауылшаруашылық техника, оның ішінде 13,5 колхозға 1 трактордан келді. Осындай қамтумен ұжымдық шаруашылықтың жекеден басымдығы көрінбеді. Ұжымдық шаруашылықтардың өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін 1928 жылдан байлардың, казактардың мүліктерін тәркілеу басталды. Ұжымдастыруға өз еркімен кіру деген принцип күштеп енгізу принципіне көшті. Тек 1928 жылдың қазаны мен 1930 жылдың мамыры аралығында қазақтар шаруашылығының саны 15,2 есеге өсті. Күштеп ұжымдастыру, қазақтарды отырықшылыққа ауыстыру 1930 ж. басындағы ашаршылыққа әкеп соқты. Нәтижесінде 1931 жылың күзінде ашаршылық басталады, 1931-32 ж. қысында күшейіп, түрлі ауруларға ұласты. Павлодар ауданы ауылдарын 1932 ж. ақпанда зерттегенде 35% ашаршылықтан қиналды, 10-18% аштан, аурудан қайтыс болды. Халық ашаршылықтан құтылу үшін Сібір, Алтай аудандарына қашты. Ауылдар егін отырғызуға қажет мал, жұмыс қолынан айырылды. 1932 ж. Павлодар үй. халқы 1931-мен салыстырғанда .54,5% азайды. Павлодарской облысы үшін 30-жылдар 1920-30-жылдары жергілікті өнеркәсіп қалрына келтірілді және оның дамуына бастайтын қадамдар жасалды. Тауылжаннан бастап Маралды ст. (1931) дейін теміржол желісі салынды, осы жолмен «Павлодар-тұз» трестінің өнімдерін эшалонмен шығару басталды. Май шайқау, тері, балық зауыттары, элеватор, ұн тарту комбинаттары, электростанция салынды, Алматыға (баст. 1930 ж.) дейін жүк-жолаушы тасымалдайтын рейстер бастаған аэропорт ашылды. 1931 ж. Павлодарда теміржол кадрлары бар паровоз депосы құрылды. 1932 жылы Майқайынның бұталы шахталардың орнында "Майкаинзолото" комбинаты құрылды. Өндірісті интенсификациялау "Сельхозмука", "Главмука", "Маслопром" секілді тресттердің пайда болуына әкелді. Машиналық-тракторлық станциялар құрылды, шаруашылық қалпына келе бастады, шаруалардың өмірі жақсара түсті. 1936 ж. еңбек күніне 2 кг бидай мен 40 тиын ақша, ал 1938 ж. сәйкес 18 және 107 бөлініп отырды. Жағдайдың кейбір тұстарының жақсаруы денсаулық сақтау, ағарту, мәдени-ағарту жұмыстарын қалыпқа келтірді. Егер 1926 ж. үйезде 391 төсек орны, 6 дәрігері және емшінің 51 көмекшісі бар 10 аурухана болса, 1939 ж. – 871 төсек орны бар 34 станционарлы емдеу мекемелері жұмыс істеді. Облыста 40 амбулатория, 47 фельдшерлік, 6 акушерлік пункт, безгекке қарсы күрес бойынша 2 қолдау пункті, жедел мед. көмек станциясы (1 автомашина), 2 рентген-кабинет, 2 емдеу- диагностикалық зертхана болды. Облыста (1939) 33 дәрігер болды. Мед. көмек түрлерінің мамандандырылуы басталды.

1938 ж. стационарда 11238 сырқат емделді, амбулаторияда 573672 сырқат қаралды.1938 жылы халықтық білім берудің Павлодар бөлімінде 538 мектеп (97,2%- ауылдарда), оларда 42831 адам (89% - ауылдық жерлерде) оқыды. Мектептердің 41,3% оқыту қазақ тілінде жүрді. Мектептерде 1003 оқытушы (90% - ауылдық жерлерде) жұмыс істеді. Жалпы мамандық бойынша кадрларды даярлау (1939 ж. басында 696 оқушылар), ауылшаруашылықты механизайиялау совхозаралық мектебі, ауданаралық мал шаруашылығы мектебі сынды мекемелер кәсіби білімді оқытты. 1932 ж. 7-жылдық базасы барларды қабылдайтын ФЗО мектебі өз жұмысын бастады. Орта арнайы білімге сүт-май өндірісі техникумы (1932 ж. бастап), ветаринарлық-зоотехникалық техникум, медбикелер мектебі (1935ж. бастап) оқытты.

Соғыс алдындағы жылдар