Батпақ – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы сор. Аралсор көлінің шығысында, ендік бағытта 40 км-ге созылған. Теңіз деңгейінен 16 м биіктікте орналасқан. Қар, жауын-шашынның әсерінен шалшық көлдерге айналып, мамырдың ортасынан бастап тартылып, батпақты сорға айналады. Жер бедерінде сораң шөптер, жағалауында қамыс, құрақ өскен. Батпақ соры шабындыққа және жыл бойғы жайылымға пайдаланылады. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Сорлар Санат:Батыс Қазақстан облысы географиясы