Аттұяқ- үлкен, жылқы тұяғымен барабар алтын немесе күміс құйма. Аттұяқ арнаулы қалыппен жасалады. Қазақта «ат тұяғындай алтын» деген теңеу бар. Аттұяқ жөнінде С.Мұқановтың еңбегінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «сол сапарында ол қытайлардан және моңголдардан қойтұяқ», «тайтұяқ», «аттұяқ» аталатын алтын жентектеріне қоржынының бір басын толтырып қайтқан». Мұндай алтын, күміс құймасын қазақтар «атбас жамбы» деп те атаған. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология