Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады. Ат спортының түрлері - аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс немесе ат жарыс, байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс, ат жегу - тез арада атты дайындау, ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару, аударыспақ - ат үстінде алысу, жорға жарыс - жорғалар сыны, құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы, қыз қуу, көкпар - командалық ойын, жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу, күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету, сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу; Ақыл-ой ойындары - шатрантаж (шахматтың бір түрі), шатраш (дойбының бір түрі), тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны, саяттаушы құстарды аңға салу; Күрес түрлері - қазақ күресі, қыздар арасындағы күрес; Жеңіл атлетика - жаяу жарыс, жігіттер арасындағы жарыс, қыздар арасындағы жарыс; Күш өнері - балуан тас, түйе көтеру, өгіз жығу, асық ойындары және т.б.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Дереккөздер
Санат:Спорт