Баялыш «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; (Salsola arbuscula) – алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тықыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады. Сілтеме Баялыш Дереккөздер

Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы Санат:Арал теңізі