Бекболат газ-мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының оңтүстік-шығысында 55 км жерде орналасқан. 1994 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы Жоғары палеозойдың терригендік-карбонатты шөгінділері өнімді қабат болып саналады.

Жатыс сипаты Мұнайлы алаң 2253 мың м2, пластың жалпы мұнайлы қалыңдығы 50 м, коллектордың кеуектігі 0,1, қаныққандығы 0,75, тығыздығы 0,78.

Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Маңғыстау облысы кен орындары Санат:Қазақстан газ кен орындары