Гүл өрнегі - байырғы қазақ қолонерінде қолданылған гүл бейнеленген ою-өрнек топтамасы, өрнек түрлері. Гүл өрнегі қазақтың сәндік қолөнер және тұрмыстық бұйымдарында өсімдіктің сабақтары, жапырағы, гүл қауызы мен шоғыры түрінде жеке-жеке, кейде көптеген тармақтарға желіленіп, табиғи қалпына жақын етіліп бейнеленеді.
Бір-бірімен айқасып, түрлі ретпен әрқандай композицияда орналасады. Қазақ қолөнерінде гүл өрнегінің кеңінен қолданысқа енуі мен таралуы ислам дінінің келуімен және отырықшы халықтармен болған мәдени байланыстар нәтижесінде қалыптасты. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология