Болаттау – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан.
Геологиялық құрылымы мен жер бедері Девонның интрузивті гранитоидтары мен элювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген. Қырқалы жондары тектоникалық.-эрозиялық ұсақ шоқылардан тұрады. Абсолюттік биіктігі 767 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 10 км. Беткейлері көлбеу. Етегінде бұлақтар бар.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырағында бетеге, селеу, жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, баялыш өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары