Борыққамыс немесе Қант қамысы () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы.

Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін 12 түрі белгілі.

Оның мәдени түрі Оңтүстік-Шығыс Азиядан тараған. Биіктігі 6 м-ге дейін, сабағының жуандығы 5 см-дей болады. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борыққамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 – 5 рет орылады. Оның сабағында 16 – 18% сахароза болады. Борыққамыста қант, спирт, т.б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады.

Қазақстанда оның бір түрі – Жабайы борыққамыс () Сырдарияның тоғайлы алқаптарында, кейде тау етегінде, өзен жиегінде, егінжайда, арық жиектерінде кездеседі. Биіктігі 2 м-дей, сабағы қатты, бірақ өзегі борпылдақ, жапырағы жіңішке, ұзын болады. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Сабағында 2 – 4% сахароза болады. Жабайы Б-ты балғын кезінде мал сүйсініп жейді, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы