Бөкенкөл – Торғай алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 76,2 м.
Гидрографикасы Аумағы 11,28 км2. Ұзындығы 5,2 км. Суы ащы. Көлден Сарыөзек өзені ағып шығады. Жауын-шашын мол кезде маңайындағы кішігірім көлдермен қосылады. Суы қарашаның басында қатып, сәуірде ериді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ырғыз ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы