Ресейдің уақытша үкіметі — 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған жоғары мемлекеттік билік органы. Ол Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару нысаны анықталғанға дейін елді басқаруы тиіс болды. Құрылу тарихы Үкімет 1917 жылы 2 наурызда Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын Уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша құрылды. Алғашқы құрамын князь Г. Львов басқарды. Кейінірек, 1917 жылғы 7 шілдеде үкімет төрағалығына А.Ф. Керенский тағайындалды. thumb|Уақытша үкімет мүшелері
Ішкі және сыртқы саясаты
Үкімет діни нанымына және ұлтына қарай шектеулерді алып тастап, азаматтардың теңдігін жариялады. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының күшін жойып, тыл жұмыстарына адам алуды тоқтатты. Сондай-ақ, 1916 жылғы көтеріліс қатысушыларына кешірім жариялады. Уақытша үкімет Бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресейдің қатысуын жалғастыруды жақтады. Бұл шешім әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне әкелді. 1917 жылы 5 наурызда жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулы шықты. 17 маусымда Дала облыстарына (Орал, Ақмола, Семей, Торғай) земство енгізу туралы шешім қабылданды.
Қазақстандағы билік органдары Қазақстанда Уақытша үкіметтің органдары алғашында азаматтық комитеттер ретінде құрылды. Комитеттердегі басшылық орындар негізінен орыс жұртының өкілдерінде болғандықтан, ұлттық мүддені қорғау мақсатында облыстық, уездік және болыстық деңгейде Қазақ комитеттері құрыла бастады.
Тағайындаулар мен Түркістан комитеті
1917 жылы 20 наурызда Әлихан Бөкейханов Торғай облысының комиссары болып тағайындалды. Ә. Бөкейхановтың ұсынысымен А. Бірімжанов (Қостанай), О. Алмасов (Торғай), Ғ. Теміров (Ырғыз) уездік комиссар болып бекітілді. 7 сәуірде Түркістан комиеті құрылды. Төрағасы Н.Н. Щепкин болды, құрамына М. Тынышбаев, С. Мақсұдов, А. Дәулетшин секілді қайраткерлер енді.
Саяси жандану Уақытша үкімет тұсында түркі-мұсылман халықтарының белсенділігі артты:
Облыстық және уездік қазақ съездері өткізілді. Бірінші жалпықазақ съезі ұйымдастырылды. Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтіп, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды.
Дағдарыс және құлауы 1917 жылғы тамыздың соңында генерал Л.Г. Корнилов бүлік шығарып, билікті басып алуға әрекеттенді. Керенский бұл бүлікті Кеңестердің көмегімен басты. Алайда, азық-түлік тапшылығы мен соғыстың созылуы үкіметтің беделін түсірді.
1917 жылы 25 қазанда Қазан төңкерісі нәтижесінде Уақытша үкімет құлады. Билікке В.И. Ленин бастаған большевиктер келді, бұл оқиға Ресейдегі Азамат соғысына ұласты.
Тағы қараңыз Ақпан революциясы Алаш Орда Қазан төңкерісі
Дереккөздер
Санат:КСРО тарихы