Гагаринит – фторидтер тобының минералы. Хим. формуласы Na2Ca2V3 (FClOH)15·H2O. Гексагональдық сингонияда кристалданады, көбіне алты қырлы призмалар, түйірлі агрегаттар түрінде кездеседі.Қазақ Энциклопедиясы Түсі сарғыш, қызғылт сары, кейде түссіз болады. Қатт. 4,5, менш. салм. 4,21 г/см3. Альбиттенген граниттерде және олардың арасында тараған кварц-микроклинді желілерде түзіледі. Тотығу белдемдерінде тез өзгеріп, тангерит, синхизит және иттрофлюорит минералдарына ауысады. Минерал алғаш Қазақстан жерінде табылған (1961). Тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің құрметіне аталған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Минералдар Санат:Химия