Гүлтәжі () – Қызылқұйрық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен жылы және қоңыржай аймақтарда кездесетін 55-тей түрі белгілі. Қазақстанда барлық облыс жерінде өсетін 8 түрі бар. Бұлардың гүлдері ұсақ, дара жынысты, жапырақ қолтығына шоғырлана орналасқан. Жоғары жағы масақша немесе сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Аталығы 3 – 5, жатыны бір ұялы. Маусым – қыркүйекте гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ, бір тұқымды қорапша. Тұқымы жасымық сияқты. Кейбір түрлері (қызылқұйрық Гүлтәжі, шашақты Гүлтәжі) ежелден дәнді дақыл болып саналады. Көпшілік түрін әдемі түсті жапырақтары мен салбырап тұратын гүлшоғыры үшін сәндік ретінде өсіредіҚазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы