Дәутау – Мұғалжар тауының орта тұсындағы аласа тау массиві.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 622 м.

Геологиялық құрылымы Силур, төменгі девон кезеңдерінің жанартаутекті-шөгінді (лава, туф, тақтатас) жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Тау басы мен беткейлеріне бетеге, боз, жусан және бұта аралас қараған, тобылғы, т.б. шөптесінді ландшафт тән, таудың қоңыр топырағы қалыптасқан. Дәутау – көктемгі-күзгі жайылым. Таудың шығыс баурайында бұлақ көздері (Қалисанбұлақ, т.б.) бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары