Егізен – Сарыарқаның батысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 575 м. Оңтүстігінде Желдіадыр, шығысында Қағыл, солтүстігінде Қызылтау және батысында Қапталадыр тауларымен қоршалған. Ұзындығы 25-30 км, енді жері 10-15 км шамасында. Солтүстік беткейінен Терісаққан өзеніне құятын екі жылға бастау алады. Тау баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Геологиялық құрылымы Архей мен протерозойдың қатты метаморфтанған және дислокацияға ұшыраған тау жыныстарынан түзілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары