Еменжапырақ , кортуза () – наурызшешек тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, өзен жағалауларында, жартастардың көлеңкелі жерлерінде өсетін 3 түрі (Алтай Еменжапырақы, бротерус Еменжапырақ, Түркістан Еменжапырақы) бар. Бұлардың биікт. 7 – 25 (40) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, ұзын сағақты, сыртын түк жапқан. Тостағанша жапырақшалары қоңырау пішінді, күлтесі қызғылт күлгін түсті. Аталығы бесеу, аналық мойны жіпше тәрізді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы көп.Қазақ энцклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Наурызгүлдер