Ешкітау – Жалпы Сырттың оңтүстігіндегі үстіртті қырат.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 259 м. Қыраттың беті жонды келген, оңтүстік беткейі тік жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген. Бор, мергельді шөгінділері жапқан палеогеннің құмды саздақтарынан түзілген. Таудан Деркүл өзені бастау алады.
Өсімдігі Беткейінің қызыл қоңыр топырағында бетеге, боз, жусан өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Тасқала ауданы таулары Санат:Қазақстан қырқалары