Абылайкит — Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы жерімен ағады.

Бастауы Қалба жотасының Бесшоқы және Талды тауларының солтүстік беткейлерінен басталатын Сібе және Ұранхай (Ұрыңқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады.

Гидрологиясы Ұзындығы Сібе өзенінің бастауынан есептегенде 78 км, су жинау алабыныңауданы 1680 км2. Өзен түгелдей тау аңғарымен ағады, ағысы қатты. Негізінен еріген қар суымен толығады. Ертіс өзеніне Абылайкит ауылының тұсында қосылады. Сағасындағы орташа су ағынының мөлшері 4,87 м3/сек. Өзен 1654 жылы қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (Сібе өзенінің бас жағында) атымен аталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы