Азотфиксация"Қазақ Энциклопедиясы" – бактериялар арқылы азот сіңіру. Ауадағы молекулалар азотты (N2) бойына сіңіретін бактериялардың көпшілігі топырақ бактериялары болып табылады. \ N2 + 8 H+ + 8 e− → 2 NH3 + H2: N2 + 8 H+ + 8 e− → 2 NH3 + H2 Азот сіңірушілерге Rhyzobіum (түйнек бактериялары) туысының кейбір бактериялары мен сәулелі саңырауқұлақтар, клостридиум, аэробты және көк-жасыл бактериялардың біраз тобы, кейбір күкірт бактериялары жатады. Бұлардан басқа микробактериялар мен спирохеталар да азотты сіңіре алады.

Дереккөздер

Санат:Азоттың биологиялық циклы Санат:Микробиология Санат:Физиология