Амур ( – Қара өзен, – Қара аждаhа өзені) — Шығыс Азиядағы өзен. Амур өзенінің алабы 3 мемлекеттің (Ресей, Қытай, Моңғолия) жерінде орналасқан. Алабының ауданы 1855 км². Өзен бастауы Шилка мен Арғұн өзендерінің қосылған жерінен басталады. Охот теңізіндегі Сахалин шығанағына құяды. Амурдың ұзындығы 2824 км, ал Арғұн бастауынан (Хайлар) есептегенде 4400 км.

Географиясы thumb|right|Амур өзені Өзеннің гидрографиялық желісіне 10 мың өзен және 61426 көл кіреді. Аңғараның құрылымдық ерекшеліктеріне қарай Жоғарғы Амур (ұзындығы 900 км), Орта Амур және Төменгі Амур телімдеріне бөлінеді. Өзен жаздық, күзгі муссондық және жазғы-күзгі жаңбырлар негізінде толығады. Ең төменгі деңгейі қыс аяғында байқалады. Мұзы көкек–мамыр айларында ериді. Көктемде сең жүру кезінде су деңгейін 15 м биіктікке дейін көтеретін мұзбөгет пайда болады. Кейде күшті нөсерден соң Амурдың орта және төменгі ағысында ені 10-25 км-ге жететін, ұзақтығы 60-70 күнге созылатын су жайылу (басу) құбылысы байқалады.

Амурдың көпжылдық орташа ағыны сағасында 10800 м³/с-ке, ал Хабаровск тұсында 7549 м³/с-ке жетеді. Арнасы ұзына бойына кеме жүруге қолайлы. Басты айлақтары: Благовещенск, Хабаровск, Амурдағы Комсомольск, Амурдағы Николаевск.

Амур гидроэнергетикалық ресурстарға бай. Алабындағы кішігірім өзендердің потенциалдық қуаты 45 млн. кВт-қа бағаланса, өнеркәсіптік қуаты 15 млн. кВт. Балықтың 99 түрі бар.

Санат:Амур Санат:Шекаралық өзендер Санат:Жапон теңізіне құятын өзендер Санат:Ресей өзендері Санат:Қытай өзендері