Асан қайғы (Хасан) СәбитұлыМұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі — Асан Қайғы мазары делінеді.

Ғалымдар зерттеуі Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М. Әуезов).Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Өмір сүрген кезеңі Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді". Атырау облысы, Индер ауданы, Жайық өзені жағасында Асантүнегенкөл деп аталатын көл бар. Ел аузындағы аңыз бойынша, Асанқайғы жұртын бастап көшкенде Таскешумен Жайықтың арғы бетіне өтіп, осы шағын көл жағасында түнеген. Көктемде Жайық суы тасыған кезде су жиналады, жаз кезінде тартылып, кеуіп қалады. Көл Қарасу деп те аталады.

Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты: - Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді. Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен: Шақырса келмес ханымды, Бура қуып келтірді. Қалжы-бұлжы дегізбей, Тура қуып келтірді. Бастай көр қатын құртыңды, Сала көр қатын майыңды, - - депті. Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным! - Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, — деп Асан жырлап кетті: - Ай, Жәнібек хан! Айтпасам білмейсің. Жайылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің. Қымыз ішіп қызарып, Мастанып қызып терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай, Өзеуреп неге сөйлейсің? Қорған салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп-жеп. Он сан ноғай бүлінді, Мұны неге білмейсің? Қатын алдың қарадан, Айрылдың хандық жорадан. Ел ұстайтын ұл таппас, Айрылар ата мұрадан. Мұны неге білмейсің? Құладың құстың құлы еді, Тышқан жеп жүні түледі. Аққу құстың төресі, Ен жайлап көлде жүр еді. Аңдысып жүрген көп дұшпан, Еліңе жау боп келеді. Құлың кеп сені өлтірер, Осыны Асан біледі. Мұны неге білмейсің? Осыны көрдім түсімде, Біл десе де білмейсің. Ей, Жәнібек, ойласаң... Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма? Мұны неге білмейсің? Айтқан тілді алмасаң, Енді мені көрмейсің!  Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты. Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады.

Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады: Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған, Оймауыттай тоғай елінің, Ойына келген асын жейтұғын, Жемнен де елді көшірдің, Ойыл деген ойыңды, Отын тапсаң тойынды, Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың. Ойылдан елді көшірдің, Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген, Екі семіз қолға алып, Ерлер жортып күн көрген. Еділ деген қиянға, Еңкейіп келдің тар жерге. Мұнда кеңес қылмасаң, Кеңестің түбі нараду... Ақылды белден алдырдың, Көңілді жаман қалдырың... Нәлет біздің жүріске! Еділ менен Жайықтың, Бірін жазға жайласаң, Бірін қысқа қыстасаң, Ал, қолыңды маларсың, Алтын менен күміске!

Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер. Ерегісіп ұрыспа! Сенікі жөн болса да, Алтын шықпас дұрысқа. Өзіңе біреу тимесе, Кейін қарай жылыста. Мінезі жаман адамға, Енді қайтып жуыспа, Тәуір көрген кісіңмен, Жалған айтып суыспа. Өлетұған тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа. Жөнге баспай тырысып, Орынсыз жерде жем болма. Ашу-дұшпан, артынан, Түсіп кетсең қайтесің, Түбі терең қуысқа!

Асан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан абыздан: - Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем қалай болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би: - Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше: Төс табаны төрт елі, Атан жүрер жер екен. Төсегінен түңілген, Адам сүрер жер екен... - депті. Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау: Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады, - деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол: Әділдіктің белгісі, Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі, Өткен істі қумаса. Жамандардың белгісі, Жауға қарсы тұрмаса; Залымдардың белгісі, Бейбіттің малын ұрласа. Надандардың белгісі, Білгеннің тілін алмаса. Шамаңша шалқып көре бер, Қабірге әзір қоймаса. Артыңда қалар атақ жоқ, Тіріде данқың болмаса,- деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз: Бұ заманда не ғаріп? Ақ қал алы боз ғаріп. Жақсыларға айтпаған, Асыл шырын сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қария болар шын ғаріп. Қадірін жеңге білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп. Ел жағалай қонбаса; Бетегелі бел ғаріп. Қаз, үйрегі болмаса, Айдын шалқар көл ғаріп. Мүритін тауып алмаса, Азғын болса пір ғаріп. Ата жұрты бұқара Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп. Ғалымды хатим еткендер, Мақсатына жеткендер, Жас кәрілер отырып, Алдынан сабақ алмаса, Қарамаса жүзіне, Ғалым да болса ол ғаріп, - деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты: Ердің құны сөз емес, Есебін тапқан сабазға. Төрден орын тимейді, Патша болсын малы азға. Мойнын бұрып сөз айтпас, Көңілі қалған аразға. Атадан жауып айтпаңыз. Алғаным асыл ару деп, Күн шығарып жатпаңыз. Атамның малы көп-ті деп, Атты басқа тартпаңыз. Есенінде, тіріде Бір болыңыз бәріңіз. Ақыретке барғанда, Хақ қасында тұрғанда, Қыдырдың өзі болғай жарыңыз. Асан абыз кідіріп, сөл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларга, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі: Есті көрсең кем деме, Бәрі тұйғын табылмас. Қарындасың жамандап, Өзіңе туған табылмас. Адам әзіз айтар деп, Көңілінді салмағын. Нәпсі алдаушы дұшпаның, Насихатын алмағын. Бақыты оянған ерлердің, Әрбір ісі оң болар. Дәулеті күнге артылып, Не қылса да мол болар. Тазылары түлкі алып. Қаршығасы қаз іліп. Сөз сөйлесе жөн болар. Не десе де жарасар. "Бай", "байсың" деп ат қойып, Ел аузына қарасар. Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа!