Георгий Михайлович Вожакин (25.8.1921, Ресей, Алтай өлкесі, Алей ауданы Осколково селосы - 29.09.2003, Тула облысы, Щекино қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, батарея командирі, аға лейтенанты. Орыс.
1943 жылы Харьков артиллериялық училищесін бітірді. 1943 жылы 4 маусымнан Ұлы Отан соғысына қатысып, Орталық және 1-Беларусь майдандары құрамында взвод, 76- мм-лік зеңбірек батареясы командирі қызметтерін атқарды. 1945 жылы 17 сәуірде 1-Беларусь майданына қарасты 61-армияның 397-атқыштар дивизиясы 447-атқыштар полкі батарея командирі. Вожакин Одер (Одра) өзенінің сол жағалауына сарбаздардың өтуін қамтамасыз етті әрі жауынгерлер тобы плацдармға бекінген сәтте батареямен Хоэн-вутцен (Германия) елді мекеніне өтіп, жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысты. Вожакинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945).
Соғыстан кейін Тула облысы Богородицк ауданы әскери комиссары қызметін атқарды. 1976 жылы подполковник шенінде запасқа шықты. Барнаул Даңқ мемориалына, Алтай өлкесі энциклопедиясына Вожакин есімі енген.
Ленин, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:25 тамызда туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Алей ауданында туғандар Санат:29 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Щекинода қайтыс болғандар Санат:КСРО полковниктері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Қарулы Күштерде Отан үшін қызмет еткені үшін орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Ұлы Отан соғысы батарея командирлері Санат:КОКП мүшелері