Диқанбай Қапсәлемұлы, Диқанбай Қапсалаңұлы (шамамен 1800 - 1876, Жетісу өңірі) - батыр, би. Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасының ботбай руынан шыққан.
Әкесі Қапсәлем, арғы атасымен ел қорғаған, аты ұранға айналған батырлар болған. Диқанбай ерлік істерімен аты қалған батыр ғана емес, ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді шешуге араласқан би ретінде белгілі адам. Қазақ халқының тарихынан мол мағлұмат беретін орыс түркітанушысы Н. Аристов жазып алып жариялаған Диқанбай батыр шежіресі күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:1800 жылы туғандар Санат:1876 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ би-шешендері Санат:Қазақстан шежірешілері