Жауынгерлік «Қайсар» кеуде белгісі - ҚР ІІМ ІӘ қолбасшысының 1994 жылы 19 желтоқсанындағы бұйрығымен (№274) бекітілді. Жауынгерлік «Қайсар» кеуде белгісі - 2 дәрежелі. Ол ұлы ақын Абайдың 150 жылдық мерейтойының құрметіне шығарылған. Жауынгерлік «Қайсар» кеуде белгісімен қызметтік-әскери істе, жауынгерлік қызмет барысында тапқырлық және батылдық танытқан жауынгерлер, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарда ерекше белсенділік көрсеткен әскери қызметкерлер марапатталады. Жас жауынгерлерімізді интернационалдық және отансүйгіштік бағыттағы тәрбиелеп, рухын көтеруге араласқан азаматтардың да марапатталу мүмкіндіктері қарастырылған. Жауынгерлік «Қайсар» кеуде белгісі идеясының авторы әрі алғашқы нұсқасын 1994 жылы ПТЗ-да жасатушы полковник С.Қ.Көшімбаев және А.В.ПарнураА 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Әскери іс .