Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты. ҚР Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы №688 қаулысы негізінде «Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясының атын екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты деп ауыстыру туралы» қаулысымен құрылған. ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 10 шілдесіндегі №684 қаулысы негізінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты болып өзгертілді. Институттың негізгі міндеттері: - ҚР ҚК авиациясына квалификациялық мінездеме талаптарына сай офицерлік кадрларды дайындау; - білім алушы тұлғалардың жан- жақты және бірқалыпты дамуы, оларда жоғары ой-саналық және әскери-кәсіби сапаның орнығуы; әскери теорияны дамытуға, қоғамдық ғылымдардың әскери, қару-жарақ, авиациялық әскери техника мәселелеріне бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау; әскерлердің қауіпсіздігі және жауынгерлік дайындығын арттыру, оқу-тәрбие үдірісін жақсарту; оқу, материалдык және әлеуметтік-тұрмыстық базаны дамыту және жақсарту болып табылады. Институт 8 мамандық бойынша дайындық жүргізеді. Олар: ұшқыш аппараттарын пайдалану, фронттық авиацияның командалық тактикасы; ұшқыш аппараттарын пайдалану, армия авиациясының командалық тактикасы; штурмандық авияцияның тактикасы; авиация күшімен жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы; ұшу аппараттарының және оталғыштардың техникалық пайдаланылуы; авиациялық радиоэлектронды құрал-жабдық; авиациялық электрофикациялық және ұшқыштық-көздеуіш радио-электронды құрал-жабдықтың техникалық пайдаланылуы; авиациялық қару-жарақтану. Қазіргі уақытта институт курсанттарды дайындау үшін қажетті оқу-материалдық базамен камсыздандырылған. Мұнда профессорлық-оқытушылық, ұшқыштық-нұсқаулық, инженерлік-техникалық құрамдағы жоғары кәсіби мамандардың ұжымы еңбек етеді. Ұжымдық кауіпсіздік келісім ұйымы Қорғаныс министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қараша күнгі шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Ұжымдык қауіпсіздік келісім ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындарының Тізіміне қосылған. 1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті - ҚР ҚК-інің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың - бірінші офицерлерінің оку орнын бітіруіне катысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғасынан мыңнан астам офицер кадрлары даярланды. Авиацияның басты мамандықтарының бірі инженер-ұшқыш мамандығы болып табылады. Ол ұшқыштың мамандандырылған дайындығына қойылған жауынгерлік міндеттердің орындалуына байланысты. Заманауи әскери ұшақтар мен тікұшақтардың құрылымының қиындығы бүгінгі таңда ұшқыштан терең инженерлік білімді қажет етеді. Сол себептен болашақ ұшқыштарды тек ұшу мамандығына ғана емес, сонымен бірге ұшақты басқару, әуе ұрысын жүргізу және бомбалау, ұшу аппараттарының барлық жүйелерін сапалы пайдалануға үйретеді. Ұшқыштардың штурман-инженер мамандығы маңыздылығы жағынан ешқайсынан кем емес. Ұшу әрекеттерін атқарған уақытта штурман көздеуіш іс-қимылдар мен есептеу амалдарын атқарады. Соның негізінде белгіленген маршрут бойынша ұшақты ең жоғары дәлдікте нақты жүргізу және оны белгілі уақытта көздеген мақсатына шығару үшін ұшқышқа курсты, жылдамдықты, ұшу биіктігін анықтап береді. Әуе қозғалысында штурман-инженердің міндеттеріне мыналар: жауынгерлік тәртіптерді тізудің әртүрлі қимылдарын және оның атқарылуын қамтамасыз ету, олардағы белгіленген әр ұшу аппаратының анықтауы, алдамшы тәсілдер мен ұшақтың жерге қону амалдарын қамтамасыз ету, авиация бөлімшелерінің жауынгерлік міндетін орындауда басқаруды қамтамасыз ету. Инженер-механик техникалық қызмет көрсету, үшақтар мен тікұшақтарды жөндеу жүмыстарын атқарады. Олардың жүйелерін, ұшу аппараттарының жанар-жағар май, арнайы сұйықтықтар және газбен қамтамасыз ететін жердегі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Радио-инженер техникалық пайдалануды және ұшу аппараттары мен жердегі радиотехникалық кұралдардың радиоэлектронды құрал-жабдықтарын қамтамасыз етеді. Инженер-электрик авиациялық құралдар - электр жабдықтарының, электрлік жүйелер мен күштік құралдарды бақылау жабдықтарының, ұшқыштық-көздеу жабдықтарының, арнайы биіктіктегі құралдарының, авиациялық техниканың қалыпты жүйелерінің борттық автоматтандырылған жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Инженер-электрик сонымен бірге көздеу жүйелерінің, ра- кеталық, ұшу аппараттарының бомбалағыш және артиллериялық қару-жарақтардың, жердегі техникалық қарулану құралдарының техникалық қолдануы мен жөндеуін қам- тамасыз етеді. 2004 жылдан бастап институттың түлектері ұшақтарда өз бетімен ұшу тәжірибесі ендірілген. 2005 жылдан бастап курсанттардың оқу-тәрбие жұмысында институт аумағына қүрылған ашық аспан астындағы ұшақтар мұражайы пайдаланылады. Мұнда 1996 жылдан Венгрия, Ауғанстан елдері үшін де ұшқыштар даярланады. Сырттай оқытатын бөлім жұмыс істейді. Әскери институттың 4 факультеті, 16 кафедрасы бар. Онда инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер сияқты барлығы 13 мамандық бойынша авиация кадрларын даярлайды. Курсанттарға ғылыми атағы бар окытушы-мамандар, тәжірибелі ұшқыш, нұсқаушы мен инженерлер дәріс береді. Курсанттар оқу-әдістемелік ғимараттың оқу залдарында білімдерін жетілдірсе, кітапхана мен тренажер орталығы мен барлық жағдай жасалған жатақханада қабілеттерін шыңдайды. Түлектерге жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «лейтенант» офицерлік әскери шен беріледі, кеуде белгісі мен белгіленген үлгідегі диплом тапсырылады.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Әскери іс