Григорий Михайлович Кравцов (14.03.1922, Қостанай облысы, Фёдоров ауданы, Кравцов ауылы - 14.1.1945, Люблин воеводствосы, Польша) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, рота командирі.

Кеңес әскері қатарына Фёдоров ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1941 жылы Омбы әуе мектебін бітірді. Майданға саяси қызметкер ретінде барды. 1943 жылдың маусымында Приволжье әскери округінің «Смерш» қарсы барлау бөліміне оперативтік өкіл ретінде жіберілді. 1944 жылдың тамыз айында Кравцов өзінің жеке сұранысы бойынша оперативті өкіл ретінде 69-армия, 134-атқыштар дивизиясына барды. 1945 жылдың 14 қаңтарында жаудың ішкі қорғанысын бұзып өту кезіндегі ұрыста болды. Жаудың қарсы шабуылы сәтінде айып ротасының командирі жараланып, қатардан шығып қалды. Ротаны Кравцов өз қолына алып, тәртіпті ретке келтірді. Осы ұрыста жау снаряды Кравцовқа тиіп, сол жерде қаза болды. Кравцовқа батырлығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.4.1945).

Қазір Фёдоров ауданындағы Старожиловка ауылы, аудан орталығы Федоровка кентіндегі бір көше Кравцовтың есімімен аталады.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:14 наурызда туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Фёдоров ауданында (Қостанай облысы) туғандар Санат:14 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Люблин воеводствосында қайтыс болғандар Санат:КСРО лейтенанттары Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Ұлы Отан соғысы барлаушылары