Дмитрий Тихонович Степанов (22.10.1918 жылы туған, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Воздвиженка (қазіргі Нұресіл) селосы - 30.12.2002, Мәскеу) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, майор, бөлімше командирі, орыс.

Ақмола ФЗО мектебін бітіргеннен кейін, паровоз депосында темір ұстасы болып жұмыс істеді (1932).

1938 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Оңтүстік-Батыс, Сталинград, 1-Украина майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Висла өзенінен өту кезіндегі шайқаста ерекше көзге түсті. 1944 жылдың 29 шілдесінде 3-гвардиялық және 1-гвардиялық танк дивизиясының алдыңғы қатардағы отряды Аннополь - Баранув телімінде Висла өзеніне шығып, қарсы жағалауды барлап алғаннан кейін өзеннен өте бастады. Кеңес әскері бөлімдерінің Висла өзенінен өтуіне инженерлік әскерлер үлкен көмек көрсетгі. 77-шабуыл жасаушы жеке инженер-сапер батальонының құрамында Степанов та болды. Ол гитлершілердің бораған оғы астында өзінің жауынгерлерімен бірге қайықпен қарсы жағалауға алдымен жетті. Саперлер әскерлерді, қару-жарақты, құрал-жабдықты, азық-түлікті бірнеше сағат бойы тасып өткізіп жатты. Осындай сапарлардың бірінде өзеннің ортасына жете бергенде жау снарядтарының жарықшақтары тиіп, бөлімшенің барлық жауынгерлері жараланды. Суға толып бара жатқан қайықты тез жүргізген Степанов оны оқ астынан алып шығып, жолдастарын аман алып қалды. Степанов екінші рет осындай батыл қимыл-әрекетімен көзге түсті. Осындай ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.9.1944).Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:22 қазанда туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Целиноград ауданында туғандар Санат:30 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО майорлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қызыл әскердің Польяк жорығының (1939) қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы саперлері Санат:Кеңес-жапон соғысының қатысушылары Санат:Троекуров зиратында жерленгендер