Роналду Луис Назариу ди Лима () немесе қысқаша Роналдо (порт. Ronaldo); 22 қыркүйек 1976, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. 2002 жылғы әлем чемпионы.

Екі дүркін әлем чемпионы, әлем чемпионаттардың финалдық бөлігінде соққан голдары бойынша екінші рекордсмен (Мирослав Клозеден кейін), 2002 жылғы Әлем чемпионатының үздік мергені, 1998 жылдың үздік футболшысы, ФИФА версиясы бойынша үш дүркін үздік футболшысы, 2 дүркін "Алтын доп" иегері, "Алтын бутсы" иегері. «World Soccer» (1999 жыл) журналының нұсқасы бойынша XX ғасырдың үздік футболшыларының тізіміне (13-орын), ФИФА 100 тізіміне іліккен. Италия футболшылардың ассоцияциясы бойынша А сериясының соңғы 10 жылдың (1998—2007) үздік футболшысы.Итальянские оскароносцы // Чемпионат.ру

Мансабы Клубтық 1993 жылы кәсіпқой карьерасын "Крузейро" клубында бастады. Бір жыл ішінде 57 гол соғып, (44 ойында) әлем назарын өзіне тез аударды. 1994 жылғы әлем чемпионатынан соң-ақ түрлі клубтардан ұсыныс түсіп, сол жылы шілдеде "ПСВ" клубына 5 млн фунт-стерлингке ауысты. Нидерланд тілін білмейтіндігіне, жергілікті климатқа үйрене алмағанына қарамастан, 1994/95 жылғы маусымда Нидерланд чемпионатының үздік мергені атанды. Ал клуб чемпионатта үшінші боп мәреге жетті. 1995/96 жылғы маусымда да клуб үшінші орында қалды, ал Роналдо жарақатының кесірінен ұзақ уақыт бойы емделіп жатты.

1996 жылы жазда "Барселонамен" келісім шарт жасасты. 1996/97 жылғы маусымда 37 голмен Испания чемпионатының үздік мергені атанды. Жыл қорытындысында "Алтын допты" жеңіп алды.

1997 жылы жазда "Интернационалеге" ауысты. Алғашқы екі маусымды жақсы өткізгенімен, 1999 жылы тізесінен ауыр жарақат алды да, екі жыл бойы емделумен болып (біраз уақыт Парижде емделіп, ота жасатты), 2001 жылы ғана алаңға оралды. Бұл аралықта ол өзінің танымалдылығын төмендетіп алды, Бразилия құрамасында да жаңа жас жұлдыздар пайда болып, Роналдо ауызға онша алынбай қалды.

2002 жылы тамызда "Реалға" ауысқанына миландық жанкүйерлер қатты наразы болды, бірнеше жыл бойы футболшының алаңға оралуын күткені зая кетті, Роналдоның мұнысын сатқындық деп есептеді. "Реал" сапында Роналдо өзінің жұлдызды шақтарына қайта оралды, Зинедин Зидан, Луиш Фигу секілді жұлдыздармен тізе қосып ойнап, 2002/03 жылғы маусымда Испания чемпионы атанды, 31 кездесуде 23 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

2003-06 жылдары "Реал" бес рет бапкер ауыстырды, клубтың ойыны жүрмеді. Жаңа президент келді (Роман Кальдерон), ол италиялық бапкер Фабио Капеллоға клуб тізгінін ұстатты. Капеллоның келуі Роналдоға оң бола қоймады, оның жаттықтыру мәнеріне Роналлдо сай келмеді, ақыр соңында 2007 жылы Роналдо клубтан кетіп тынды.

2007 жылы қаңтарда 6, 675 фунт стерлингке "Миланға" ауысты. Маусым соңына дейін 7 гол соқты. 2007/08 жылғы маусымда тағы да ауыр жарақат алды да, емделіп жатып қалды, клуб 2008 жылы арадағы келісім шартты бұзды.

"Италия чемпионаты Роналдо үшін ауыр соғады" деген әңгімелер көп айтылды. Сол себепті ме, карьерасында тағы да өзгеріс жасағысы келді ме, 2008 жылы желтоқсанда жарақаты жазылған соң "Милан" қайтадан ұсыныс жасап еді, футболшы келіспеді. 2008 жылы қыркүйек - желтоқсан айларында Фламенгоның" базасында жаттықты, бұған фламенголық жанкүйерлер қатты қуанды, клубтың онымен келісім шарт жасасуын күтті, бірақ көпшілік күткен трансфер болмады.

9 желтоқсанда Роналдо "Коринтианс" сапына барып қосылды. Бұған енді "Фламенго" фанаттары наразы болып, Роналдо киген жейделердің бәрін өртеп тастады. Бұған Роналдо "төрт ай бойы клуб жетекшілігі маған ешқандай ұсыныс жасамады" деп жауап берді. "Фламенго" президенті Марсио Брага "мен оның жарақаты жазылғанын күттім, өзі де осы жер ұнайтынын, осы жерде қалатынын айтқан олатын, бірақ мына күтпеген шешімі мен үшін де ауыр соқты" деді бұл жайлы.

Бірақ "Коринтианс" сапында тек 2009 жылы ғана тұңғыш рет алаңға шықты. Мамыр айында тағы да жарақат алды. Бірақ тез тіктелді де, маусым соңына дейін бірнеше маңызды голдарды соқты.

2011 жылы ақпан айында карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама 1994 жылғы әлем чемпионатына барды, бірақ бір кездесуде де алаңға шықпады. Есесіне әлем чемпионы атанды.

1998 жылғы әлем чемпионатына Роналдо төрт гол соқты. Бұл жолы Бразилия финалда Франциядан ұтылды. 1999 жылғы Америка кубогында бес гол соғып, турнирдің үздік мергені әрі чемпионы атанды.

2002 жылғы әлем чемпионатында жеті гол соқты, соның екеуін финалда Германияның қақпасына соғып, құрамамен бірге әлем чемпионы атанды.

2006 жылғы әлем чемпионатында үш гол соғып, ӘЧ-де соққан голддарының санын 15-ке жеткізді де, Герд Мюллердің 32 жылдық рекордын (14 гол) жаңартты.

2011 жылы 7 маусымда Румынияға қарсы жолдастық кездесуде соңғы рет құрама сапында алаңға шықты.

Жеке өмірі 1997-99 жылдары актриса Сюзана Вернермен кездесіп жүрді. 1999 жылы сәуірде онымен айрылысты (кейін Вернер бразилиялық қақпашы Жулио Сезарға тұрмысқа шықты).

1999 жылы футболшы Милене Домингеске үйленді. 2000 жылы Роналд атты ұлы дүниеге келді. Бірақ 2003 жылы олар ажырасып кетті. Қазір Милене испанияның футболшы Давид Агансоның жары.

2006 жылдан бері Мария Беатрис Антонимен бірге тұрады.

Жетістіктері

Халықаралық

Бразилия

Әлем чемпионы (2): 1994, 2002 Америка кубогы (2): 1997, 1999 Әлем чемпионатының финалисі: 1998 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1996

Клубтық

УЕФА кубогы: 1997/98 УЕФА кубок иелері кубогы: 1996/97 Нидерланд кубогы: 1995/96 Испания чемпионы (2): 2002/03, 2006/07 Құрлықаралық кубок: 2002 УЕФА суперкубогы: 2002, 2007 Испания суперкубогы: 2003 Сан-Паулу штатының жеңімпазы: 2009 Бразилия кубогы: 2009

Жеке

ФИФА сауалнамасы бойынша жыл футболшысы (3): 1996, 1997, 2002 «Алтын доп» (France Football) (2): 1997, 2002 «Алтын бутсы»: 1997 Әлем чемпионатының үздік ойыншысы: 1998 Америка кубогының үздік ойыншысы (2): 1997, 1999 Жылдың ең бағалы ойыншысы: 1998 Әлемнің үздік ойыншысы (World Soccer) (3): 1996, 1997, 2002 Паулиста лигасының үздік мергені: 2009 Әлем чемпионатының үздік мергені: 2002 Америка кубогының үздік мергені: 1999 Либертадорес суперкубогының үздік мергені: 1994 Минейро лигасының үздік мергені: 1994 Нидерланд чемпионатының үздік мергені: 1995 Испания чемпионатының үздік мергені (2): 1997, 2004 Бразилия құрамасының әлем чемпионаттарындағы үздік мергені: 15 гол Golden Foot: 2006 ФИФА 100

Статистикасы

Шолу КомандаЖжРесми ойындардаБейресми ОйындардаБарлығыОйынГолОйынГолОйынГолКрузейро1993—1994474412135957ПСВ1994—1996575413127066Барселона1996—19974947205147Интернационале1997—20029959161211571Реал Мадрид2002—20071771041714194118Милан2007—2008209112110Коринтианс2008—20116935006935Бразилия1994—201198627510567Бразилия-171993—19942222002222Бразилия-211996860086Басқа да1997—2015 - -21132113Барлығы6464428970735512

Клубтық КлубМаусымЛигаКубокҚұрлықтықБасқа даБарыЖолдастықБарыОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолКрузейро199316120048102120882928199418220082002624453029Бары343400121010474412135957ПСВ1994/95333012230036355141361995/96131231560021198112930Бары4642437900575413127066Барселона1996/9737344675124947205147Бары37344675124947205147Интернационале1997/983225431160047349556391998/99191420611028150028151999/007310000083421252000/01000000000000002001/02107105000167351912Бары684983227109959161211571Реал Мадрид2002/033123101161144301045302003/04322452942148314352342004/053421101030045244449282005/06231421200027158735222006/077121420013400134Бары127831143615321771041714194118Милан2006/07147000000147001472007/0862000000621173Бары209000000209112110Коринтианс20093020830000382300382320102090073002712002712201120002000400040Бары52298393006935006935Барлығы38428035199349645183526152579404

Дереккөздер

Санат:22 қыркүйекте туғандар Санат:Рио-де-Жанейрода туғандар Санат:ФИФА 100 Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының футболшылары Санат:Әлемнің жыл футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері Санат:Алтын бутсы иегерлері Санат:Пичичи трофейі иегерлері